Әйелдері теннисі қауымдастығы (WTA) қазақстандық спортшы Елена Рыбакинаның мансабында тапқан табысын есептеді.

Әлемнің 17-ші ракеткасы осы күнге дейін 1 164 376 АҚШ доллары көлемінде пайда түсірген. Бар болғаны 20 жастағы теннисші биыл көрсеткен нәтижесінің арқасында қалтасын 719 632 мың долларға қалыңдатқан.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның бірінші ракеткасы жақында әлемнің үздік 20 теннисшісінің қатарына кірді. Қазір Елена Рыбакина Дохада өтіп жатқан беделді турнирде бақ сынап жатыр.