Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова дене шынықтыру және бұқаралық спортпен шұғылданушылардың саны артқанын мәлімдеді.

2019 жылдың қорытындысы бойынша, дене шынықтырумен шұғылданатындардың саны 5,7 миллион адамға жеткен. Бұл мемлекет халқының 30,6% құрайды.

«Қазақстан 2050 жылы 30 дамыған мемлекеттің қатарына кіру үшін дене шынықтыру және спортпен тұрақты шұғылданатындардың санын 2025 жылы 30%-ға жеткізу қажет», - деді министр.

Министрдің айтуынша, бұқаралық спорт миллиондаған адамдарға денсаулығын күтіп, қимыл-қозғалысты арттыруға себеп болады.