Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Генри Сехудо бразилиялық Хосе Альдомен болатын жекпе-жекте өз титулын қорғауға ниетті, деп хабарлайды Prosports.kz ESPN-ге сілтеме жасап.

Титулдық жекпе-жек 9 мамырға жоспарланған және Сан-Паулода өтетін UFC 250 турнирінің басты оқиғасы болады.

Айта кетейік, Генри 2019 жылдың маусымынан бері октогонға шыққан жоқ. Сол кезде ол Марлон Морайспен өткен жекпе-жекте чемпиондық белбеуді жеңіп алды.