Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Дохадағы турнирдің бірінші айналымында венгриялық Тимеа Бабошты 6:3,6:4 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 26 минутқа созылды.

Келесу айналымда отандасымыз бельгиялық Элизе Мертенске қарсы ойнайды. Дохадағы турнирдің жүлде қоры 2,9 миллион АҚШ долларын құрайды.