«Тараздың» құрамын 28 жастағы серб жартылай қорғаушысы Горан Бркич толықтырды. Ойыншы командамен бірге Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатысып үлгерді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойыншы жамбылдық клубқа еркін агент ретінде қосылды.

Соңғы маусымдарда өзі намысын қорғаған «Олимпия» сапында ол чемпион және екі рет Словения кубогының жеңімпазы атанды.