«Ордабасы» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz .

Клубтың баспасөз қызметінің жазуынша, футболшыларға төрт күндік демалыс беріледі.

Команда 27 ақпанда Шымкентте чемпионатқа дайындықтың соңғы кезеңіне жиналады.

Еске сала кетейік, «Ордабасы» ел чемпионатыың бірінші турында көкшатаулық «Оқжетпеспен» кездеседі. Матч 7 наурызда Шымкентте өтеді.