Тронхеймде (Норвегия) шаңғы жарысынан "Ски Тур" көпкүндігі өтіп жатыр. Қазақстандық спортшылар спринт бойынша классикалық стильде іріктеуден өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасай отырып.

Әйелдер арасында Анна Шевчонко 46-шы болып, қазақстандық спортшар ішінде мәреге бірінші жетті. Ирина Быкова 50-ші орыннан көрінсе, Ангелина Шурыгина - 52, Ольга Мандаринка 53-ші орынға жайғасты.

Ерлер арасында Олжас Климин 42-ші жетсе, Витаоий Пухкало - 54, Наиль Башмаков - 70, Евгений Величко 73-ші болып мәреге жетті.