Diario Sport басылымының хабарлауынша «Аякс» футбол клубының қақпашысы Андре Онана «Барселонаға» ауысуы мүмкін.

«Барселона» 23 жастағы қақпашыға көз назарын тігуде. Бірақ Онанаға басты үміткер лондондық «Челси» болып отыр.

Андре Онана «Барселона» академиясында бес жылдай тәрбиеленген. 2015 жылдан бері голландиялық «Аякс» сапында өнер көрсетеді. Биылғы маусымда 21 кездесуге қатысып, 8 рет қақпасын құрғақ сақтап қалған.