«Қайрат» АФК Қырғызстан құрамасына қарсы екінші жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz AFCKairat.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматылықтар өткен күнгі матчпен салыстырғанда сенімді ойын көрсетті және 3:0 есебімен жеңіске жетті. Голдардың авторлары - Шыңғыс Есенаманов, Алекс және Дәурен Нұрғожин.

Еске сала кетелік, кешегі ойын 5:3 есебімен алматылықтардың пайдасына шешілген еді.

«Қайрат» АФК - Қырғызстан құрамасы - 3: 0 (2: 0)

Голдар: Есенаманов, Аллекс, Нургожин.