Қостанайлық клубтың басшылығы мен қақпашы Андрей Пасеченко өзара келісім бойынша еңбек шартын бұзды, деп хабарлайды Prosports.kz, қостанайлық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Футболшы өткен маусымның алдында «сары-жасылдармен» келісім-шартқа қол қойды. Қақпашы клуб сапында бір рет алаңға шықты, 2019 жылдың екінші жартысын қақпашы басқа клубта жалда өткізді.

«Тобыл» футбол клубы Андрейге бірлескен жұмысы үшін алғыс білдіріп, одан әрі мансабында табыс тілейді.