Қызылордалық «Қайсар» жартылай қорғаушы Абылайхан Төлегеновпен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Абылайхан - Қызылорда футбол мектебінің түлегі. Мансабын «Қайсардың» жастар командасында бастаған. Сонымен бірге ол «Мақтаарал», «Шахтер-Болат» және «Байқоңыр» командаларында доп тепті.

2019 жылғы маусымда «Байқоңыр» сапында Қазақстан Бірінші лигасында 24 матч өткізді.