Кәсіпқой рингте әлі жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Нұртас Әжбенов (8-0, 3 КО) өзінің кезекті жекпе-жегін 6 наурыз күні Дубайда (БАӘ)өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның қарсыласы 29 жастағы филиппиндік Джей-Ар Магбу (18-4-2, 9 КО) болмақ. Star Boy лақап атымен танымал Магбу соңғы жекпе-жегін 30 қараша күні Циндаода (ҚХР) өткізді. Жеңіл салмақтағы WBO Global вакантты титулы үшін болған кездесуде қытайлық Ян Янцяннан жеңіліп қалды.

Әжбенов пен Магбу арасындағы жекпе-жек Rotunda Rumble 3 шоуы аясында өтпек.