Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) кезекті жекпе-жегіне дайындалып жатыр.

Қазақстандық боксшы 28 наурыз күні Канаданың Квебек қаласында шаршы алаңға шығады. Әзірге қарсыласының есімі белгісіз.

Боксшы жаттығу залынан видеосын Twitter-парақшасына жүктеп, «Чемпиондар, қайдасыңдар?» деп жазды.