Қарағандылық «Сарыарқа» Жоғары хоккей лигасы (ВХЛ) плей-офф кезеңінің бірінші турында Санкт-Петербургтің «СКА-Нева» командасымен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кезекті маусымда «Сарыарқа» 71 ұпай жинап, екінші конференцияда бесінші орын алды. Ал «СКА-Нева» 86 ұпаймен бірінші конференцияда төртінші орынға тұрақтады.

Серия төрт жеңіске дейін жалғасады. Плей-офф кезеңінің 1/8 финалдық матчтары 22, 23, 26 және 27 ақпанда өтеді. Қажет болса, командалар 1, 4 және 7 наурызда қосымша кездесулер өткізеді.

«Сарыарқа» - Петров кубогының қазіргі жеңімпазы. Өткен маусымның финалында қарағандылықтар Тюменьнің «Рубин» клубын жеңген болатын.