Кеше Испанияның Марбелла қаласында ресейлік «Оренбург» пен Гибралтардың «Европа» командасы арасында жолдастық матч өтті, деп жазады Prosports.kz.

Екінші таймда Альвес, Липовой және Кулишев соққан голдардың арқасында ресейліктер жеңіске жетті.

Қазақстандық жартылай қорғаушы Исламбек Қуат 54 минутта алаңға шықты.

«Оренбург» - ФК «Европа» (Гибралтар) - 3:0

Гол соққандар: Алвеш 59', Липовой 83', Кулишев 87'

«Оренбург»: Климович, Кулишев, Шахов, Готлиб, Лапшов, Зотов, Рогич (Қуат, 54), Капленко (Липовой, 78), Алвеш, Липовой (Чуканов, 46), Фамейе.