«Тараз» футбол клубы ресейлік қорғаушы Михаил Мищенкомен келісімшарт жасасты. Ресейлік футболшы Ресей Премьер-лигасында доп тепкен. «Рубин», «Терек», «Алания» сынды командаларда өнер көрсеткен. Соңғы рет «Торпедо-БелАЗ» командасында ойнаған. Ресей студенттер құрамасының сапында бүкіләлемдік Универсиадада төртінші орын алған.