«Астана» мен швейцариялық «Лугано» футбол клубтарының арасында Кюрасао құрамасының ойыншысы Рангело Янганы жалға беру туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Prosports.kz. Рангело «Астана» сапында 63 матч өткізіп, 10 гол мен 3 нәтижелі пастың авторы атанған.