Тұрсынбай Құлахмет MTK Kazakhstan компаниясымен келісімшартқа қол қойып, кәсіпқой боксшы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz компанияның Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Әуесқой бокста Құлахмет Қазақстанның үш дүркін чемпионы, Ислам ойындарының жеңімпазы, Азия чемпионы және 2019 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері саналады.

«Мен әлемдегі ең жақсы компания MTK Global командасына қосылғаныма өте қуаныштымын. Бұл менің спорттық мансабымды дамытудағы ең жақсы нұсқа деп ойлаймын», - деді Құлахмет.

«Біз жас буынның ішіндегі ең мықты қазақстандық боксшылардың бірі - Тұрсынбай Құлахметті біздің командаға шақырғанымызға қуаныштымыз. Біздің ынтымақтастығымыз жемісті болады және бірге үлкен жеңістерге жетеміз деп сенеміз», - деді MTK Kazakhstan басшысы Асқар Салықбаев.