«Тараз» футбол клубы Гвинея-Бисау құрамасының шабуылшысы Тони Сильваны қатарына қосты, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Тони Сильваның португалияляқ та паспорты бар. Ол 2015/16 жылдары Португалия біріншілігінің «Унио Мадейро» командасында доп тепкен. Тони Сильва Греция, Сауд Аравиясында ойнаған. Соңғы командасы румыниялық «Астра» футбол клубы.