«Ақтөбе» футбол клубына жақында ғана бас бапкер ретінде танысытырылған Владимир Маминов командадан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жаңа жылдың басында команданың бас бапкері ретінде ресейлік Владимир Маминов таныстырылған болатын. Бірақ бірінші оқу-жаттығу жиындарының нәтижесі бойынша өте төмен деңгей көрсетті ресейлік маман. «Ақтөбе» басшылығы бапкермен келісімшарт жасаспайтын болып шешті. Маминов команда сапынан кетті. Жақын арада жаңа бапкер тағайындалатын болады.