Astana Pro Tеаm командасының екі шабандозы бүгін Францияда аяқталған беделді көпкүндік туры Прованс жарысында жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz

Александр Власов - велобәйгенің вице-чемпионы, ал Қазақстан чемпионы Алексей Луценко - үшінші орында. Сонымен қатар, Луценко ұпай жіктеулуі бойынша ең үздік спортшы жейдесін жеңіп алды, ал Власов ең мықты жас велошабандоз атағына ие болды. Astana Pro Tеаm финалдық командалық есепте жеңіске жетті.