Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында каратеден Премьер-лига кезеңінің финалдық бәсекелері өтуде. Жарыс нәтижесі бойынша қазақстандықтар екі күміс иеленген.

60 келі салмақта сынға түскен Дархан Асаділов финалдақ италиялық әлем чемпионы Кречензоға 0:2 есебімен жол берді.

Ал 84 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Данияр Юлдашев ирандық Пуршабтан 5:6 есебімен ұтылды.

Қола медаль үшін өткен кездесуде Игорь Чехмарев (84 келі), Ермек Айназаров (75 келі) және Софья Берульцевалар (+68 келі) қарсыластарына есе жіберді.