Нидерландының Дордрехт қаласында шорт-тректен әлем кубогінің алтыншы кезеңі аяқталды. Кубоктік додада қазақстандық Абзал Әжіғалиев қола жүлдегер атанды.

Абзал 500 метрге жарысқан спортшылар арасында мәреге үшінші болып келді. Ол аталған қашықтықты 41,394 секундта жүгіріп өткен.

Алтын жүлдені Оңтүстік Корея өкілі Ли Джун Сео иеленді (41,087). Күміс медаль бельгиялық Десмет Стейн еншісінде.

Айта кетелік, бұл Абзалдың биылғы маусымдағы екінші жүлдесі. Бұған дейін қазақстандық спортшы АҚШ-та өткен әлем кубогінің ең алғашқы кезеңінде үздіктер қатарына енген болатын.