«Жетісу» футбол клубы беларусь қорғаушысы Андрей Лебедевті қайта қатарға қосты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қаңтар айында армян футболшысы Айк Ишханян талдықорғандық командаға қаралымға келген еді. Қорғаушы «Жетісумен» келісімшарт жасасқанымен, бірақ кейін қазақстандық командадан тез арада кетіп қалды - қауесеттерге сәйкес, команданың бас жаттықтырушысы Дмитрий Огаймен жаттығу кезінде мінез-құлыққа қатысты келіспеушіліктер болған.

Огай талабына сай келетін орталық қорғаушы таппағандықтан, клуб басшылығы екі ай бұрын ғана командадан кеткен Андрей Лебедевті шақыруды жөн көрді. Лебедев өткен маусымда «Жетісу» жейдесінде 17 матч өткізді.

Енді 29 жастағы қорғаушымен келісімшарт 2020 жылдың соңына дейін жасалды.