«Прованс туры» көпкүндік веложарысының ақтық кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Соңғы кезеңді Оуэн Доул (Team INEOS) жеңіп алды. Изриаль шабандозы, Israel Start-Up Nation командасының өкілі Маттиас Брэндл мәре сызығын екінші болып кесті. Үздік үштікке Deceuninck-Quick Step командасының намысын қорғайтын Ян Гаррисон де ілінді. «Астана» командасындағы Алексей Луценко бесінші орын иеленді.
Ал жалпы есепте қазақстандық команда қатарындағы Александр Власов 2-орынға ие болды. Луценко үшінші орында.
«Прованс туры» (Франция) 4-ші кезең.
1. Оуэн Доул (Team INEOS) - 4:07:32
2. Маттиас Брэндл (Israel Start-Up Nation)
3. Ян Гаррисон (Deceuninck-Quick Step)
...5. Алекcей Луценко («Астана»)
Жалпы есеп:
1. Найро Кинтана (Team Arkea Samsic) - 15:31:50
2. Александр Власов («Астана») - +1:04
3. Алексей Луценко («Астана») - +1:28
Комментарии