Құрлықтық хоккей лигасының аясында елордалық «Барыс» хоккей клубы өз мұз айдынында «Сочи» командасын қабылдады, деп хабарлыйды Prosports.kz

Бірінші кезеңде «Барыс» сапынан Антон Сагадеев мергендігімен көзге түсіп, мұз айдын қожайындарын есепте алға шығарды.

Ойынның екінші периоды бастала салысымен Кертис Волк есепті еселй түсті. Ойынның ортаң белінде «Барыстың» сан басымдығына қарамастан қонақтар сапынан Сергей Шмелев гол соғып, есеп айырмасын қысқартты.

Шешуші кезеңнің бесінші минутында Мальте Стремвалл гол соғып, таразы басын теңестірді. Ал оныншы минутында Дмитрий Шевченко «Барысты» есепте алға шығарды.

Қорытыныды есеп 3:2 «Барыс» хоккей клубының пайдасына.

Скабелка шәкірттері ҚХЛ-да 58 матч өткізіп, 79 ұпаймен Шығыс конференциясында үшінші орында келеді. Ал «Сочи» 57 кездесуден кейін Батыс конференциясында тоғызыншы сатыға жайғасқан.