Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Санкт-Петербург қаласындағы WTA Premier турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz

Жартылай финалда Рыбакина Греция өкілі Мариа Саккариға қарсы өнер көрсетті. 1 сағат 57 минутқа жалғасқан кездесу үш сетті 3:6,7:5,6:1 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды. Финалдық кездесуде отандасымыз Александрова және Бертенс жұбының үздігімен кездеседі.

Бұл Рыбакинаның биылғы маусымдағы WTA турнирлерінде үшінші рет финалға шығуы. Алғашқы екеуінің біреуінде жеңіске жетіп, біреуінде жеңіліс тапқан. Санкт-Петербург қаласындағы турнирдің жеңімпазы 146,500 АҚШ долларын иемденеді.