Бүгін Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатында «Барыс» - «Сочи» матчы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осы маусымда қос команда арасындағы кездесу 4:1 есебімен нұрсұлтандықтардың пайдасына шешілген болатын.

«Барыс» Шығыс конференциясының 3-орнында тұрса, «Сочи» Батыс конференциясының 9-орнына жайғасқан.

«Барыс» - «Сочи» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 17.00-де басталады. Ойынды мына СІЛТЕМЕДЕН тамашалауға болады.