АҚШ-тың Солт-Лейк-Ситиінде конькимен сырғанаудан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Командалық спринтте Қазақстанның жаңа рекорды орнады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ерлер арасындағы жарыстарда Роман Креч, Станислав Палкин, Алексанлр Кленко және Артур Галиев бағдарламаның осы түрінде өнер көрсетті. Финалда спортшылар алтыншы орынға ие болды. Нәтиже - командалық спринтте Қазақстанның жаңа рекорды - 1: 20.398. Ал жеңісті Нидерланд конькишілері жеңіп алды, олардың нәтижесі - 1: 18.187. Екінші орында Қытай - 1: 18.533. Үшінші орынды норвегиялықтар алды - 1: 19.545.