Қазақстандық жұп Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату Таиландта өтіп жатқан жағажай волейболынан Азия чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финалда қазақстандық спортшылар Жапония құрамасымен кездесті.

Матч 2: 1 есебімен аяқталды. Богату мен Яковлев бірінші және үшінші кезеңдерді жеңіп алса, екіншісінде есе жіберді.