Дубайда (Біріккен Араб Әмірліктері) каратеден әлемдік Премьер-лига турнирі басталды.

Жарысқа әлемнің 85 мемлекетінен 570 спортшы қатысып жатыр. Бірінші жарыс күнінде ерлер арасында 60, 67, 75 келіде, қыздар арасында 50, 55, 61 келіде жекпе-жектер өтті.

Қазақстан командасының үздік спортшысы Дархан Асаділов 60 келіде турнирдің финалына жолдама алды. Ол Чили, Словакия, Македония, Грекия спортшыларынан басым түсті. Жексенбі күні Дархан қазіргі әлем чемпионы, италиялық Кречензомен алтын медальға таласады.

Айта кетелік, Дархан Асаділов 60 келі салмақта олимпиадалық рейтингтің көшін бастап тұр.