Венгрияда бокстан халықаралық турнирде топ жарған Махмұд Сабырхан жарыс туралы әсерімен бөлісті.

«Венгриядағы халықаралық жарыс менің ұлттық құрама сапындағы алғашқы жарысым болды. Әрине, алтын медальға қол жеткізу оңай болған жоқ. Бірінші күні венгриялық боксшымен, одан кейін Испания өкілімен жұдырық түйістірдім. Жартылай финалда италиялық спортшы, ал финалда үндістандық боксшымен кездестім. Аталған қарсыластарымның ішінде ең қиын кездесу финал болды. Жарысты қорытындылағанда бапкерлер әлі де қаталер бар екенін, қатемен жұмыс істеу керегін айтты.

Ендігі мақсат – әрі қарай тыңғылықты дайындалып, болашақта Олимпиада шыңын бағындыру. Қазақстандағы ең жас Олимпиада чемпионы боламын деген мақсатым бар», — деді Махмуд Сабыр.