Англиялық басылымдар ең көп жалақы алатын қорғаушылардың тізімін жасады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл тізімде «Ювентус» қорғаушысы Маттейс де Лигт көш бастап тұр. 20 жастағы голландиялық ойыншы аптасына 416 мың Фунт стерлинг алады. Ал екінші орында ПСЖ футболшысы Тиаго Силва жайғасқан. Бразилиялықтың табысы 300 мың фунт. Үздік үштікті аптасына 250 мың фунт алатын Лукас Эрнандес («Бавария», Франция) түйіндеп тұр.