Қазақстандық қорғаушы Тимур Рудосельский «Смолевичи» - «Немана» жолдастық матчына қатысты, деп жазады Prosports.kz.

Алматылық «Қайрат» футбол клубының тәрбиеленушісі Рудосельский Беларусь елінің Бірінші лигасында бақ сынайтын «Смолевичи» командасында қаралымнан өтіп жүр.

Айта кетейік, Тимур өткен маусымда көкшетаулық «Оқжетпес» сапында доп тепті. Бұдан бөлек қорғаушы «Қайрат», «Жетісу» және Израильдің «Хапоэль» командаларында өнер көрсеткен.