Бүгін Италияның Антерсельв қаласында биатлоннан әлем чемпионаты аясында аралас эстафета өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарысқа Қазақстан командасынан Галина Вишневская, Елизавета Бельченко, Александр Мухин және Владислав Киреев шығады.

Жарысқа ббарлығы 27 құрама қатысады.

Еске сала кетейік, әлем біріншілігінің алдында құрама сапында 4 биатлоншы (Антон Пантов, Тимур Куц, Владислав Витенко және Роман Еремин) спорттық тәртіптің бұзылуына байланысты құрамадан шеттетілген еді.