UFC ұйымының жеңіл салмақтағы чемпионы, ресейлік Хабиб Нурмагомедов командасымен бірге АҚШ-қа кетті, деп хабарлайды Prosports.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Дереккөздің хабарлауынша, Ислам Махачев пен Омар Нурмагомедов Хабибпен бірге Сан-Хоседегі AKA залына ұшқан. Олар сол жерде америкалық Тони Фергюсонмен жекпе-жекке дайындалады.

«Команда АҚШ-қа жаттығуға кетті», - деді команда өкілі.

Еске сала кетейік, Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюсон арасындағы жекпе-жек 18 сәуірде Нью-Йорктегі UFC 249 турнирінде өтеді.