Шабуылшы Айдос Тәттібаев «Каспий» клубымен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

2019 жылғы маусымда Тәттібаев Бірінші лигада «Каспий» сапында «Үздік сұрмерген» және «Үздік футболшы» атағын жеңіп алған еді. 30 жастағы футболшы 19 гол соққан болатын.

Ақтаулық клуб қатарында Тәттібаев Премьер-лигада бақ сынайтын болады.