12-16 ақпан аралығында үстел теннисінен жасөспірімдер мен кадеттер арасында Чехияның ашық чемпионаты өтеді. Аталған сынға Қазақстан атынан бес спортшы қатысады.

Чехиядағы турниде Сарвинов Мірқадырова (Шымкент), Алан Құрманғалиев (Қарағанды), Анел Бақыт (Шымкент), Ескендір Харки (Жамбыл облысы) және Ангелина Романовская (Павлодар облысы) бақ сынайды.

Турнирге 39 мемлекеттен жалпы есебі 320 теннисші қатысады деп күтілуде.