«Реалдың» бұрынғы қақпашысы Икер Касильяс Испания Корольдік футбол федерациясының президенті қызметіне кандитатурасын ұсынды.

Cadena Ser басылымының мәліметінше, 38 жастағы қақпашы ұлттық құрамадағы бұрынғы әріптестерінің қолдауымен президенттік лауазымға сайлануы мүмкін.

Оның басты қарсыласы – федерациясының қазіргі президенті Луис Рубиалес. Сайлауы 2020 жылдың күз айларында өтеді.