Футзалдан Қазақстан Премьер-лигасының 16-шы туры аясында өткен ойында «Қайрат» «Атырауды» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz алматылық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аса тартысты матч 5:1 есебімен алматылық клубтың ірі жеңісімен аяқталды.

«Қайрат» сапынан гол соққандар: Альберт Акбаликов, Хоссейн Тайеби, Дәурен Тұрсағұлов, Біржан Оразов және Дуглас.

Қайрат - Атырау - 5:1 (3:0)

Гол соққандар: Акбаликов 9, Тайеби 13, Турсагулов 19, Пекено 25, Дуглас 39, Оразов 40

Айта кетейік, қос команда арасындағы алғашқы ойын 3:1 есебімен аяқталған. Ол кездесуде де алматылықтар жеңіске жеткен.