Бразилияның Сан-Пауло қаласында триатлоннан Панамерика кубогі аяқталды. Ірі халықаралық сынға қазақстандық атлет Аян Бейсенбаев та қатысты деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасай отырып.

Жарыс қорытындысы бойынша Бейсенбаев бесінші орын иеленді. Ол турнирді 01:01:17 нәтижесімен аяқтады. Бірінші орынды Мануель Мессиос, ікінші орынды Мигель Идальго иеленген. Үздік үштікті аргентиналық Лусиано Таконе қорытындылады.