Қазақстан хоккей федерациясы «Алматы» хоккей клубының матчтарын басқа аренада өткізу туралы шешім қабылдады, деп жазады Prosports.kz.

Алматылық клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, команданың өз алаңындағы алдағы төрт ойыны Almaty Arena спорт кешенінде өтеді.

Жоспар бойынша, бұл ойындар Halyk Arena-да өту керек еді. Алайда ҚХФ ойындарды 12000 адамға арналған Almaty Arena-ға ауыстырды.

Жарыс кестесі:

19 ақпан. «Алматы» - «Бейбарыс». Басталуы 19:30

20 ақпан. «Алматы» - «Бейбарыс». Басталуы 19:30

23 ақпан. «Алматы» - «Ертіс». Басталуы 17:00

24 ақпан. «Алматы» - «Ертіс». Басталуы 19:30