Елордалық «Астана» баскетбол клубы ВТБ тұрақты лигасы аясында өз алаңында Мәскеудің ЦСКА-нан 72:95 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Астана» (Нұр-Сұлтан) - ЦСКА (Мәскеу) - 72:95 (22:19, 8: 24,23: 29, 19:23)

Алаң иелерінің ең нәтижелі ойыншысы Душан Ристич болды, ол 18 ұпай жинады. Қонақтар құрамында Майк Джеймс үздік атанды (27 ұпай).

15 ойыннан кейін Эмиль Райковичтің шәкірттері сегізіншіден 10-орынға түсті, еншілерінде - алты жеңіс және 9 жеңіліс.

ЦСКА турнир кестесінде екінші орында тұр .