Уфалық клуб команда ребрендингі аясында логотипті жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz Ufa1.ru порталына сілтеме жасап.

Таңбаның негізгі элементтері бұрынғы қалпында қалды. Тек түстер ғана өзгеріске ұшырады. Егер бұрын эмблема қызыл, ақ және жасыл түстермен безендірілген болса, қазір ол қызғылт сары-күлгін түске боялған.