УЕФА-ның ресми сайты футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатаның топтық іріктеу кезеңінің күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz

Топтық іріктеу кезеңі 2021 жылы , бір жыл көлемінде өтеді. Алғашқы матчтар 2021 жылдың ақпанында басталады. Айта кетерлігі Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының элиталық кезеңіне өткені үшін, Еуропадағы іріктеулерін бірден топтық кезеңнен бастайды.