Испанияда беделді «Вуэлта Валенсия» көпкүндік веложарысы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Астана» командасының шабандоздары арасындағы ең жақсы нәтижені Йон Исагирре көрсетті - «Вуэльта Валенсияның» былтырғы чемпионы жалпы есепте жетінші орын алды. Жарыстың жеңімпазы Тадей Погачардан ол небәрі 32 секунд қалып қойды.
Соңғы кезеңді Исагирре 44-орында аяқтады. Бесінші сегменттегі ең жақсы уақытты голландиялық Фабио Якобсен көрсетті.
«Вуэльта Валенсия-2020». Бесінші кезең.
- Фабио Якобсен (Deceuninck – Quick Step) - 2:04:32
- Дилан Груневеген (Team Jumbo-Visma)
- Джон Дегенкольб (Lotto Soudal)
…44. Йон Иссагирре (Astana Pro Team)
Жалпы есеп:
- Тадей Погачар (UAE Team Emirates) - 18:43:28
- Джек Хайг (Mitchelton-Scott) – 0:06
- Тао Харт (Team INEOS)
...7. Йон Иссагирре (Astana Pro Team) – 0:32
Комментарии