Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Роттердамдағы турнирдің негізгі кезеңіне өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кукушкин іріктеу кездесуінде неміс спортшысы Маден Янникті 6:1, 7:6 (7:4) есебімен жеңді.

Ойын 1 сағат 30 минутқа созылды. Кукушкин бес эйс жасады. Бір мәрте ғана қайталама қателік жіберді.

Нидерландыдағы турнирдің негізгі кезеңің бірінші айналымында Михаил француз Жиль Симонмен кездеседі.