Италия чемпионатының 23-ші турында «Верона» өз алаңында «Ювентусты» 2:1 есебімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Кездесудің 65-ші минутында қонақтар сапынан Криштиану Роналду гол соқты. Бұл португалиялық футболшның Италия А сериясында қатарынан оныншы ойында гол соғуы болатын.

Осылайша, 35 жастағы шабуылшы туриндік клубта қатарынан гол соғу бойынша жаңа рекорд тіркеді. Бұл жетістіктің бұған дейінгі иесі француз футболшысы Давид Трезеге болатын.