Хоккейден Қазақстан құрамасы олимпиадалық квалификацияның үшінші іріктеу кезеңіндегі соңғы ойынын Польшаға қарсы өткізді, деп жазады Prosports.kz.

Алғашқы екі турда бұл екі құрама да Нидерланды мен Украинаны ірі есеппен жеңген болатын. Сондықтан бүгінгі ойын іріктеу турнирінің ақтық кезеңіне жолдама беретін маңызды матч еді.

Алаң қожайындары әрі Н тобының фавориті ретінде Қазақстан құрамасының жеңісіне сенгендер көп еді. Алайда Польша хоккейшілері 2:3 есебімен жеңіске жетіп, Олимпиадаға іріктеу турнирін одан әрі жалғастыруға мүмкіндік алды. Ал Қазақстан құрамасы 2022 жылы Пекинде өтетін ақ Олимпиададан тыс қалды.

Қазақстан — Польша 2:3 (0:1, 2:1, 0:1)

Шайба соққандар:

0:1 — 07:28 Циура. 0:2 — 30:30 Пржигодски (Яшкевич).1:2 — 30:47 Бойд (Волк, Доус). 2:2 — 35:29 Бойд. 2:3 — 40:29 Урбанович (Коморски, Джубински).

Қақпашылар: Карлссон — Мюррей Штраф: 2:6 (0:4, 2:0, 0:2).

Айта кетейік, Н тобындағы кездесулер Нұр-Сұлтанда өтті. Бұл топта алаң иелерінен бөлек Украина, Польша және Нидерланд құрамалары бақ сынады.