Виталий Щиголев 5000 метр қашықтыққа конькимен жүгіруден Қазақстан рекордын жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Виталий Щиголев 7 ақпанда Калгари қаласында (Канада) өткен әлем кубогының кезеңінде 5 шақырымдық қашықтықты 6 минут 16,904 секундта бағындырып, жаңа ұлттық рекорд орнатты.

Еске сала кетейік, В дивизионында 5000 м қашықтықта өткен жарыста Щиголев 5-ші орынға ие болды.